05 наурыз 2026 0 1 2 3 4 5 "Ұлттық құндылықтар тәрбиенің төресі" Ұлттық тәрбие – бала бойына туған елге, ана тіліне, салт-дәстүрге, үлкенге құрмет пен кішіге ізет сезімін сіңірудің негізі. Ұлттық құндылықтарды балаға отбасынан бастап үйрету – баршамызға ортақ міндет. Күнделікті тұрмыста балаңызға ұлттық құндылықтарды өз ісіңізбен көрсетіңіз. Үлкендерге сәлем беру, бата алу, дастарқан басында әдеп сақтау, туыстарды құрметтеу сияқты қарапайым әрекеттердің өзі – ұлттық тәрбиенің бастауы.