Жазғы сауықтыру кезеңінде өткізілетін іс-шара жоспары бойынша 1-аптасында "Бақытты балалық шақ" тақырыбында балаларға жазғы кезеңді қызықты көңілді өткізу, жақсы көңіл күй сыйлау мақсатында іс-шара өткізілді.
"Айшуақ" бөбекжай-бақшасында 1-маусым Балаларды қорғау күніне орай іс шара өткізілді. Іс шара барысында асфальтқа сурет салу және топтық жарыс түрлері ұйымдастырылды. Балалар күніне тәттілер мен сусындар таратылды.
Байзақ ауданы білім бөлімінен келген Ғарышкерлер күніне сурет байқауына "Айшуақ" бөбекжай-бақшасының тәрбиеленушілер қатысып аудандық дипломдармен марапатталды.
20-наурыз Ұлттық спорт түрлері насихатталатын күн. Ұлттық спорт түрлері-рухты көтеретін ойындар. Ежелден келе жатқан салт-дәстүр мен ойын түрлерін үлгі еткеніміз жөн.Бұл ойындар әсіресе, Наурыз мерекесінде кеңінен насихатталады.