15 сәуір 2026 0 1 2 3 4 5 "Табиғатты аялайық" балалармен серуенде еңбек Мақсаты – балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, қоршаған ортаны таза ұстауға, өсімдіктер мен жануарларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу және қарапайым еңбек дағдыларын қалыптастыру. Іс-шара барысында балалармен табиғатты қорғаудың маңызы туралы әңгіме жүргізілді. Тәрбиеленушілер балабақша ауласындағы қоқыстарды жинап, ағаштар мен гүлдердің түбін қопсыту, өсімдіктерге су құю, аумақты ретке келтіру жұмыстарына қатысты. Сонымен қатар балаларға суды үнемдеу, қоқысты арнайы орынға тастау, ағаш бұтақтарын сындырмау және табиғат аясында тазалық сақтау ережелері түсіндірілді.