Хабарландыру » "Айшуақ" бөбекжай-бақшасы"
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданы білім бөлімінің
"Айшуақ" бөбекжай-бақшасы"
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Телефоны приемной:
(+772637)37-3-50
+77762073923
Нашар көрушілер
нұсқасы
31
қаңтар
2023

Хабарландыру


 

 

Балаларды eGov.kz арқылы тіркеу туралы хабарландыру!

1.Мектепке дейінгі ұйымдарға  жолдама беру,құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау автоматтандырылған Es.iac.kz  порталы арқылы іске қосылғанына сәйкес "Айшуақ" бөбекжай-баққшасына қабылданатын балалардың жолдамалары электронды түрде алынады.

2.Кезекке тұруға келесі тәсілдермен жүгінуге болады:

а) Электрондық үкіметтің" порталындағы онлайн қызметі (eGov.kz) арқылы;

б) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік коорпорациясы"  КЕАҚ-ға (ЦОН) қажетті құжаттармен бару;

Баланы балабақшаға кезекке қою Өтініште сіз баланың ЖСН-ін көрсетіп, қалаған балабақшаны белгілеп ЭЦҚ-мен қол қоюыңыз  керек. Кезек келгенде сіз таңдаған  балабақшаға жолдама бар деген хабарлама аласыз.

Егер сіз "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекетік корпорациясы" КЕАҚ арқылы жүгінуге шешім қабылдасаңыз, онда сізде төмендегі құжаттар болуы тиіс:

1.баланың туу туралы куәлігі;

2.ата-анасының біреуінің жеке куәлігі;

3.баланың денсаулық паспорты;

4.әскери қызметшінің немесе арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерінің жұмыс орнынан  берілген, уәкілетті адамның мөрімен  және қолымен куәландырылған (болған жағдайда) анытама (берілген күннен бастап бір ай ішінде жарамды);
5.ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы (бар болса);
физиатрдың қорытындысы;

мектепке дейінгі ұйымда басым орын алу құқығын растайтын құжаттар.



Похожие публикации:

09 желтоқсан 2018 Халықаралық конкурс
08 қыркүйек 2018 "Денсаулық" күні