07 қаңтар 2026 0 1 2 3 4 5 "Баланы кітап қарауға және ертегілерді тыңдауға үйрету" Баланың кітапқа деген қызығушылығы кішкентай кезінен қалыптасады. Кітаптағы суреттерді бірге қарау, ертегі тыңдау баланың сөздік қорын молайтып, зейінін, есте сақтауын, қиялын және сөйлеу қабілетін дамытуға көмектеседі. Мектепке дейінгі тәрбие бағдарламасында да балаларды кітаптағы суреттерді қарауға, таныс кейіпкерлерді тануға және ертегі, әңгімелерді тыңдауға баулу қарастырылған.