Аттестация бойынша түсіндіру жұмыстары
Аттестаттау тәртібіне түсініктеме бойынша меңгеруші Ж.К.Нургалиева мен әдіскер З.А.Бектасова педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары туралы түсіндіру жұмыс жүргізілді.
1) Мектепке дейінгі ұйымдар мен педагогтері үшін "Бейіні бойынша әдістемелерді білу, мектепке дейінгі педагогика және психология"-50 тапсырма
2) Өтпелі кезеңде "Екінші санат", "Бірінші санат", "Жоғары санат" біліктілік санаттары бар педагогтер негізінде "педагог-модератор", "педагог-сарапшы", "педагог-зерттеуші" біліктілік санаттарын беру үшін біліктілік бағалауынан және ПББ-дан өтеді.
3) Мектепке дейінгі білім беру педагогі ұйымдастырылған іс-әрекетті бағалау критерийлері мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде ұйымдастырылған іс-әрекеттің мазмұы бағаланады.
4) Біліктілік санаттарын растау кезінде 30 және оданда көп жыл педагогикалық өтілі бар барлық лауазымдардың педагогтері ПББ тапсырудан босатылады, қызмет нәтижелерінің кешенді жинақтаудан өтеді.


